«Біз отырыс барысында қыркүйек айының соңына қарай екі ел арасындағы бизнес-форум өткізу мәселесін талқыладық»,-деді Д.Үсенов.
Оның айтуынша, Қырғызстан аталған форумға Қазақстан жағынан мүмкіндігінше барлық инвесторларды шақырып, оларға тұрғын үй құрылысы, көлік жолдары, тау-кен өндірісі, мұнай-газ саласы және банк жүйесі төңірегіндегі жобаларды ұсынбақшы.
«Біздің есігіміз қазақстандық инвесторлар үшін әрдайым ашық,-деді вице –премьер.
Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұғамбетовтың айтуынша, 1-тамызға дейін Қырғызстан жағы форумның бизнес жобасын әзірлеп, нақты ұсыныстарын атап көрсетеді , ал Қазақстан жағы өз кезегінде аталған жобаларды инвесторларга жеткізеді.
«Осы шара Қазақстан инвесторларын Қырғызстанға тартуға тың серпін береді деп ойлаймыз»,-деді министр.