Қыркүйек айының басында Астанада Қазақстан мен Индонезияның бизнес форумы өтеді

Қыркүйектің үшінде Астанада Қазақстан мен Индонезияның бизнес форумы өтеді. Бұл туралы дүйсенбі күні еліміздің Сауда-өнеркәсіп палатасынан хабарлады.


           Шара Индонезия президенті Сусило Бамбанг Юдойононың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтеді.
           Форумға мемлекет басшылары мен екі елдің іскерлері қатысады. Тараптар туризм, фармацевтика, көлік және логистика, мұнай-газ, химия өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
           Сонымен қатар, шара шеңберінде екі елдің компаниялары өзара екі жақты кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.