Қыркүйекте жұмысқа 100 мыңнан астам адам қабылданды

«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 81,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 1,4, басқа себептер бойынша  16,9 пайызды құрады»,- делінген ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде.

Ағымдағы жылғы қыркүйекте жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 3,3 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті - 2,9, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті  2,4 пайызды қамтыды. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 115,2 пайызды  құрады.