"Корея үкімет басшысының сапары барысында еліміздің саяси басшылығымен кездесулер өткізіледі",- деді Е.Ашықбаев.
"Сапар Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы белсенді саяси диалогты одан әрі жалғастыруға бағытталады. Оның негізі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Корея республикасына 2003-жылы, Корея Республикасының президенті Но Му Хеннің Қазақстанға 2004-жылы жасаған сапарлары кезінде қаланды",- деді СІМ өкілі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 21-24-қыркүйекте республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың шақыруымен Корея үкімет басшысы Хан Мен Сук елімізге ресми сапармен келеді.
"Бұл Корея үкімет басшысы деңгейінде Қазақстанға жасалатын тұңғыш сапар",- деді Е.Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті