«Қазгидромет» РМК атап өткендей, ауа температурасы күндіз 15...23-тен 23...28 дейін жылы болады. Қалған аумақ та антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады. Бұл ретте елдің шығысы мен орталығында түнде 0°С-қа дейін төмендеп, күндіз 20-28 шегінде болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30...37 дейін жылы болады. Келесі аптада батыстан шығысқа белсенді циклонның өтуімен өткінші жауын жауады, жел 15-20 м/с-қа жетеді. 10-13 қыркүйек аралығында Таймыр аудандарынан суық ауа ағынына байланысты температура елеулі төмендейді деп күтілуде. СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, ШҚО-да түнде күн суытып, күндіз 15-20 градус жылы болады.
Ұзақмерзімді болжамға сәйкес үшінші онкүндікте күн суыта түседі. Онкүндік соңында өткінші жылы ауа райы алмасып отырады. Солтүстік аудандарда жауын-шашын болып, жылбысқы қар жаууы ықтимал.
Айда орташа ауа температурасы БҚО, Атырау Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, ОҚО, Жамбыл облыстарында сақталып, нормаға жуық болады. Ал қалғандарында нормадан жоғары. Жауын-шашын БҚО, Атырау, Қостанай, Ақтөбе, СҚО-да нормадан жоғары, ШҚО-да, Қызылорданың басым бөлігінде, Маңғыстау, Қарағанды, ОҚО жекелеген аудандарында, Жамбыл облыстарында нормадан төмен, қалған аумақта нормаға жуық болады.