«17-наурыз күні Қырым автономиялы республикасы Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс отырысында «Қырым тәуелсіздігі туралы» қаулы қабылданды. Оны 85 депутат қолдап дауыс берді», - деп хабарлайды ЖК баспасөз қызметінен.
Құжатта «Қырым автономиялы республикасының ЖК халықтың 16-наурыздағы референдумда білдірген тілегіне сәйкес (...) Қырымды тәуелсіз егеменді мемлекет – Қырым республикасы деп жариялау туралы және Севастополь қаласына ерекше мәртебе беру туралы қаулы етеді» делінген.
«Қырым республикасы Біріккен ұлттар ұйымына, әлемдегі барша мемлекеттерге Қырым халқы құрған тәуелсіз мемлекетті моәындауға шақырады», - делінген қаулыда.
Құжатта «аталған қаулы күшіне енген күннен бастап Қырым республикасы аумағында Украина заңдарының қолданылмайтыны, Жоғарғы Рада мен өзге де мемлекеттік органдар тарапынан
2014 жылдың 21-ақпанынан кейін қабылданған шешімдердің іске асырылмайтыны» атап көрсетілген.