Қырым Ресей құрамына қосылды


Бұл келісімді енді Конситуциялық сотпен тексеріліп, ратификациялануы қажет. Ең бастысы жаңа субъектінің қосылуы туралы заң қабылдануы міндетті екен. Бірақ Путин Кремльдегі жиын соңында-ақ Қырымды «жаңа субъект» деп атап үлгерді. Ал түбек тұрғындары бір ай ішінде Ресей азаматтығын алмақ. Ресей құрамына өту жөніндегі референдум Қырымда жексенбі күні өтіп, 96 пайыз дауыспен қолдау тапқан болатын. Алайда оның қорытындысын да, бүгінгі келісімді де халықаралық қауымдастық мойындаған жоқ. Еуроодақ пен АҚШ Ресейге бірқатар санкциялар салып жатыр. Мәселен, Ресейдің «Үлкен сегіздіктегі» мүшелігі тоқтатылды. Енді қалған «жетілік елдерінің» басшылары бүгін Путинсіз жиналып, бірқатар сұрақтарды талқыламақ. Сондай-ақ Ресейдің бірқатар лауазымды тұлғаларына батыс елдеріне шығуға тыйым салынды.