Аудан өміріндегі қос жаңалықтың ашылу салтанатында облыс әкімі тұрғындарды құттықтап, аймақ өміріндегі оң өзгерістерді тілге тиек етті. Жаңа білім ордасының жаңа жауапкершілік пен міндеттер жүктейтінін жеткізді. Аудан тұрғындары да өз кезегінде облыс басшысына алғысын білдірді.
Аймақ басшысы мұнан кейін №2019 шекара бекетіне барып, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Осы заставаға халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлы есімін беруді ұсынды. Ел қорғаған батырдың ерен ерліктеріне тоқталып өтті.
«Баба есімі ел шетін күзеткен шекара қызметіне лайықты, әрі үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді әкім.