Қырымда ресейлік рубль айналысқа енеді және негізгі ақша бірлігіне айналады

Алайда  әзірге гривеньді пайдалануға ешқандай шектеу қойылмайды, деп мәлімдеді Қырым республикасының премьері Сергей Аксенов.

«Курорт маусымында Қырым аумағында гривень айналымнан алынбайды. Сәуір айынан бастап рубль республиканың негізгі ақша бірлігіне айналмақ», - деп жазды С.Аксенов өзінің «Твиттердегі» микроблогында.

Бұған дейін Қырымның Жоағырғы кеңесі Ресей рублін республиканың ресми ақша бірлігі деп жариялаған болатын. Қаулыда украин ақшасының да 2016 жылдың 1-қаңтарына дейін ресми валюта ретінде пайдаланылатыны айтылған.