Қырымнан айырылып қалған Украина үкіметі Ресейден 83 млрд доллар өндіріп алмақ

Бұл туралы елдің премьер-министрі Арсений Яценюк мәлім етті.

А.Яценюк Жоғарғы Рада депутаттарының РФ-ның Қырымдағы әрекеттері мен келтірілген шығынды өндіріп алу мәселесі жөнінде қойған сұрағына: «Шағымдарға қатысты айтар болсақ: Украина бұл процесті бастап кетті. Бас прокуратура тергеуге кірісті және қылмыстық іс бойынша Украина үкіметі 1 трлн гривеньнен астам қаражат өндіріп алмақ», - деп жауап берді.

Үкімет басшысының айтуынша, Ресей сондай-ақ, Украинаның Қырым қойнауында жатқан 2,2 млрд текше метр газын «ұрлап алған». «Бұрын бізді газ ұрлайды деп оқтын-оқтын айыптайтын еді. Енді мен газды ресейліктер ұрлап жатыр деп айта аламын. Олар біздің аумағымыздағы жерімізді, «Черноморнефтогаз» компаниясын, Қырымның қойнауындағы 2,2 млрд текше метр газды ұрлап алды» деді ол.