Қысқатолқынды пештің қандай пайдасы бар?

Ол тағамды тез дайындап қана қоймай, ондағы пайдалы заттардың толық ыдырауына да жол бермейді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Сондай-ақ, микротолқынды пешті пластикалық ыдысты дезинфекциялауда пайдалануға болады.

Висконсин Университетінің зерттеуіне қарағанда, етті, көкеністі турайтын тақтайшалардағы бактерияларды жою үшін  микротолқынды пешке 5 минуттай қыздырып алу жеткілікті, деп жазды Stuff.co.nz.

Ыдыс жуатын лас губкаларды да осылайша тазартуға болады. Оған тек лимон шырыны мен уксус қосқан абзал.