Қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылау халықаралық талапқа сай болады

Оның айтуынша, ойындарды ұйымдастыру комитеті Медициналық қамтамасыз ету мен Допингке қарсы бағдарламаларын әзірлеп, қабылдаған. Бұған сәйкес 7-ші қысқы Азия ойындарында допингке қарсы бақылауды 30 инспектор мен 81 көмекші қызметкер атқарады. Бас сарапшының айтуынша, қазіргі кезде бұл мамандар арнайы дайындықтан өткізіліп болған.

Сондай-ақ ойындар өткізілетін әрбір нысанда халықаралық талаптарға сәйкес допингтік бақылау стансылары орнатылады. Әлемдік және Азиялық рекорд жаңартқан барлық спортшылар, медаль иеленгендер, алдын-ала және шешуші жарыстар кезінде кездейсоқ іріктелген спортшылар міндетті түрде допингтік тесттен өткізілетін болады. Сонымен қатар допингті бақылау алдын-ала ескертусіз, кез-келген жерде, кез-келген уақытта өткізілмек.