Қысқы Олимпиада ойындарына бару қазақстандықтар үшін қаншаға түседі


Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды. 

Ақпанның 8-17 аралығында Оңтүстік Кореяның Каннын қаласында қонақ үйдегі екі кісілік орында бір адам үшін 4 440 АҚШ доллардан басталады. Бір кісілік орын үшін 6 465 АҚШ долларлық сома төлеу керек. Көрсетілетін қызмет топтамасына шараның ашылу салтанаты мен сайыстың бес түрін (биатлон, фристайл, шорт-трек және тағы екі спорттың түрі) тамашалау кіреді.

Ал ақпанның 17-26 аралығында Каннын қаласында екі кісілік орынға бір адамның орналасу бағасы 4 340 АҚШ долларына жетсе, бір кісілік орын 6 365 АҚШ доллардан басталады. Көрсетілетін қызмет топтамасына шараның жабылу салтанаты мен сайыстың бес түрін (шаңғы спорты, трамплиннен секіру, шорт-трек және тағы екі спорттың түрі) тамашалау кіреді. Топтамаға сонымен бірге әуежай мен қонақ үйдегі трансфер мен медициналық сақтандыру енгелі отыр. Бұған қоса көрсетілетін қызмет бойынша қосымша Алматы-Сеул-Алматы, Астана-Сеул-Астана авиабағытының билеттері (242 мың теңге, бірақ брондау кезінде билет бағасын нақтылап алған жөн) төленеді.