Қысқы Олимпиада-2022 алты ел өткізгісі келіп отыр


ХОК сайтында берілген хабарламаға қарағанда, ойын өткізу құқын жеңіп алуға Қазақстан (Алматы), Швеция (Стокгольм), Норвегия (Осло), Қытай (Пекин), Польша (Краков) және Украина (Львов) қатыспақ.

ХОК атқарушы комитеті үміткер-қалаларды 2014 жылы шілде айында іріктейді, қысқы Олимпиада-2022 қай жерде өткізілетіндігі Куала-Лумпурда (Малайзия) 31 шілде күні ХОК сессиясында жария етілмек.