Елімізде 2017 жылы өтетін қысқы универсиаданың бюджеті таяуда ғана 2 есеге, яғни 32-ден 17 млрд теңгеге дейін қысқартылған. Бірақ ол құрылысқа көп кесірін тигізбеген сыңайлы. Өйтені мұнда жұмыс одан әрі қыза түскен. Мәселен, 3 мың адамдық мұз аренасының құрылысы наурыз айында аяқталмақ. Ал бұл универсиаданың басты ғимараты. 12 мың адамға шақталған кешенде мәнерлеп сырғанау және кёрлинг сынды спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
Сәкен Айдаров, Универсиада нысандары бойынша менеджер:
-Кёрлинг аренасындағы құрылыс 100 пайызға бітіп тұр. Жәй ғана ұсақ-түйек техникалық жұмыстар және де косметикалық жұмыстар қалып отыр.
Осы Мұз сарайында дүбірлі доданың ең жауапты кезеңі, яғни ашылу және жабылу салтанаттары болады. Бір айта кетерлігі, нысандарды салуға тек отандық құрылыс компаниялары тартылған екен. Дегенмен материалдардың біршамасы сырттан тасымалданып жатыр.
Нұргелді Әбжаппаров, «Универсиада-2017» дирекциясы директорының орынбасары:
-Әрине, көбінесе біздің отандық құрылыс жабдықтары қолданылады. Шет елден тек қана күрделі технологиялық материалдар алып ә
келінеді
Шетелден ат терлетіп келген қонақтар жайғасатын атлетикалық қалашықта да құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мұнда 5 мың адамға арналған мейманханалармен қатар, аурухана, полиция бөлімшелері, дүкендер және фитнес орталықтары салынбақ.
Нұргелді Әбжаппаров, «Универсиада-2017» дирекциясы директорының орынбасары:
-Осы обьектілер осы жылдың 30 тамызында өткізіледі. Одан кейін біздің тест түрінде 6 спорттық жарыстар өтеді.
Мамандар қаржылық қиындыққа қарамастан құрылыс нысандары белгіленген уақытында бітеді деп сендірді. Ал спорт кешендері жарыстан кейін де бос қалмайды. Яғни халықтың игілігіне беріліп, бағасы шарықтап кеткен өзге мұз айдындарына мықты бәсекелес болмақ. Осылайша ұйымдастырушылар ғимараттардың мақтауын барынша асырды. Сапасын анықтау енді уақыттың еншісінде.
Loading...