Қыстың алғашқы күні ауа райы қандай болады

Күнтүзбелік қыс келді, бірақ қысқы ауа райы кешігіп келуде. Демалыс және мереке күндері Қазақстанның басым облыстарының кей жерлерінде аздаған қар күтіледі, ал ауа температурасы бұрынғысынша климаттық мөлшерден   3-5 градус жоғары,деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек республиканың оңтүстігінде биік циклонның әсерінен жауын-шын болжанады, ауа температурасы 1-2 градус төмен болады. Түнгі және таңертенгі сағаттарда республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, оңтүстікте көктайғақ болжанады.