Станса бірнеше модульдерден тұрады, оларда қытайлық және шетелдік ғарышкерлер жұмыс жасайды, деп әңгімеледі ол Қытай жаңалықтар агенттігіне. Қазір қытайлық конструкторлар болашақ стансаның өмірлік қажеттерін қамтамасыз ету жүйесін жасаумен айналысуда, соның ішінде оттегі мен суды пайдалану жабдықтары да болмақ, деп жазады ТАСС.
Чжан Бонаньның айтуынша, ҚХР ұшырған орбитадағы «Тяньгун-1» модулінде тиісті технологиялар байқаудан өтуде. Бұл сынақтар келесі жылы да жалғасады, деді ол.
Сонымен бірге Қытайда шағын тұйық экожүйелер саласындағы зерттеулер белсенді жүргізіліп жатыр, олар болашақта ғарышты игеруде пайдаланылатын болады.
Бұдан бұрын Чжан Бонань болашақта қытай стансалары Ай мен Марстан әрі тұңғиықты жарып өтіп, алыс ғарышқа сапар шеге алатынын мәлімдеген болатын.