Қытай Африкаға Эболаға қарсы вакцина жіберді

Sihuan Pharmaceutical Holdings Group фармацевтикалық холдингі Африкаға ҚХР Әскери-медициналық ғылымы академиясының ғалымдары әзірлеген JK-05 дәрісін жіберді. Қазіргі уақытта бұл дәрімен тек тышқандарға ғана сынама жасалды.

Сондай-ақ Қытай Африкаға Эболаға қарсы көмек көрсету үшін 200-ге жуық маман жіберді және осы мақсатқа 51 млн. доллардан астам қаражат бөлуге міндеттенді.