Қытай алғаш рет шет елдердің қарулы күштерін әскери парадқа қатысуға шақырды

әскери парадқа қатысуға алғаш рет шет елдердің қарулы күштерін  шақырып отыр, деп хабарлайды Синьхуа.

«Бұл Қытай үшін ерекше оқиға. Алда өтетін шеру өткенді келешекпен байланыстырып, Қытайдың әлемдік қауымдастықпен қатынасын нығайтуға, бейбітшілік пен даму идеясын таратуға  септігі тиеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті әскери парад істері жөніндегі топ басшысының орынбасары Цюй Жуй ҚХР Мемлекеттік Кеңесі ұйымдастырған баспасөз мәслихатында.