Қытай Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тарту жөніндегі келісім тез арада жүзеге асады дегенге сенім білдірді

ҚХР сыртқы істер министрлігі өкілінің пікірінше, Қазақстан мен Қытайдың мұнай құбырын тарту жөнінде келісімге келуі - екі жақтың өзара ынтымақтастық аясында қол жеткізген ең үлкен жетістігі. Елшінің айтуынша, бұл құжатқа қол қойылуына Қытай "дән риза".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын тартудың басты принциптері туралы келісімге 17-мамырда екі елдің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Ху Цзиньтао қол қойды.
Алдын-ала мәлімет бойынша, мұнай құбыры биылғы жылдың тамыз айында тартыла бастайды. Болжамдық есеп бойынша, құбырдың жобалық құны 688 млн. долларға тең. Жалпы инвестиция көлемі 1 млрд. долларды құрайды. Құбырдың бірінші кезеңі іске қосылу нәтижесінде жылына 10 млн. тонна мұнай тасымалданатын болады.