Қытай азаматы еліміз аумағынан 10 кило марал мүйізін алып шығуға әрекет жасады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, контрабандалық жүк осы автобуста келе жатқан Қытай азаматының қол жүгінен шықты. Контрабандашымен бірге автобус жүргізушісі - Қытай азаматы да ұсталды. Бұл дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ал Батыс Қазақстан облысындағы "Қасталовка" заставасының аумағында жүк таситын "ЗИЛ-130" автокөлігі ұсталды. Қазақстан азаматы айдаған бұл көлік Ресейге бет алған. Ол тиісті құжаттары жоқ 8 тонна қара металл қалдықтарын Ресейге алып өтпек болған. Осы оқиғаға байланысты іс пен жүк тергеу мақсаттары үшін кеденшілерге өткерілді.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы Ресей-Қазақстан шекарасында Қазақстан аумағына 0,5 млн. теңгенің тауарларын алып өтуге жасалған әрекет әшкереленді. Шекаралық тексеру барысында автокөліктен құжаттары жоқ 32 қорап жүк табылды. Оларға Ресейде өндірілген дәрі-дәрмек пен азық-түлік өнімдері салыныпты. Бұл іс брйынша да тексеру амалдары жүргізілуде.