Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Билік пікірінше, жас қытайлықтарды шатастыратын кейбір реалити-шоулар мен бағдарламаларды телевидениеде көрсетілуіне тыйым салынады.
Теледидар экранына "әйел сияқты еркектер" мен “дұрыс емес эстетика" көрсететін жұлдыздарды көрсетілмеуі керек. Билік актерлер мен эстрада жұлдыздарының нәзік бейнелері жас қытайлықтардың батыл болуға ынталандырмайтынын айтады.
Енді телеарна трансляция үшін актерлерді таңдап, олардың түр сипаты, мінез-құлқы және эфирде өзін қалай ұстайтынын бақылаудан өткізуі керек.
Жаңа талаптар азғындыққа қарсы тұруға және сонымен бірге партия мен Қытай халқына, сондай-ақ өнер мен дәстүрлі моральдық қағидаларға деген сүйіспеншілік пен адалдық атмосферасын нығайтуға арналған.
Қытайда Оңтүстік Кореядан (k-pop) және Ұлыбританиядан келген поп-мәдениет кең танымал болды. Youth with You және Produce 101 сияқты бағдарламалар қатал бәсекелестік жағдайында қарапайым отбасылардан шыққан жас жігіттер мен қыздарды атақты адамдарға айналдырған кезде жұлдыздардың қалыптасуын көрсетті.