Қытай ДАИШ-пен күресу үшін әскер жіберуі мүмкін - БАҚ

Басылым атап өткендей, Бейжің, ДАИШ-та қытайдан шыққан содырлар санының артып келе жатқанына алаңдаулы. «Мәселе оның қай тарапқа қосылатынында», - деп мәлімдеді басылымға ДАИШ-пен күресте ҚХР рөлін талқылау барысымен таныс шенеунік.

Басылым Қытай АҚШ басшылығымен халықаралық коалицияға емес, Сирияда операция жүргізіп жатқан РФ қарулы күштеріне қосылуы ықтимал деп атап өтеді.

Еске салсақ, 2015 жылғы қыркүйектен бастап Ресей ДАИШ нысандарына авиасоққы жасай бастады. Осы уақыт аралығында РФ ӘҒК бірнеше жүздеген содырларды, мыңдаған террорлық нысандарды жойды. Сирияға АҚШ басқаратын коалиция да соққылар жасауда.