Атап өтсек, ғалымдар өздерінің ерекше жаңалықтарымен барлық қажетті зертханалық тәжірибе, сынақтарды жасап болғаннан соң ғана бөлісті. Жетекші қытайлық сарапшылардың айтуынша, олардың әзірлемесі бауырдың қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етіп, әрекетсіздігін еңсеруге ықпал етеді. Бастаманы ұсынған Биохимия және жасушалық биология институтының қызметкерлері. Ғалымдарға басшылық еткен Хуэй Лицзянь.
Мамандар биожасанды бауыр дәрігерлер алдында бауыр қызметін қалыпқа келтіруде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтеді. Сондай-ақ медиктер биожасанды бауыр көмегімен науқастар өз өмірлерін ұзарта алады деп санайды, зерттеуге тышқандар пайдаланылды. Бұдан кейін әзірлемені адамға да қолданып көрді.
Ерікті қырық жылдан бері Б гепатитімен сырқат алпыс жастағы әйел. Дәрігерлер оған диагноз қойғаннан кейін ол арнайы өзіне әзірленген терапия курсынан өтті. Дәрігерлер науқастың жағдай тұрақты, өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын мәлімдеді.