Қазақстандық делегацияны ҚР премьер-министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев, ал қытай тарапын Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары У И ханым басқарады.
Осы іс-шараның шеңберінде У И ханымның Қазақстан басшыларымен кездесулері және әр саладағы кіші комитеттердің тең төрағаларының екі жақты келіссөздері жоспарлануда.
Отырыс барысында әр саладағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай 10 кіші комитетінің, сондай-ақ, трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, ынтымақтастық жөніндегі комитетінің сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық, қаржы, энергетика, көлік және коммуникациялар, ғылым және техника, қауіпсіздік, геология және жер қойнауын қорғау, кеден істері салаларындағы алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар белгіленеді.
Отырыс қорытындысы бойынша Хаттамаға және басқа да құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті