Күдікті "Қорғас" кеден бекетінде төлқұжат тексеруінен өтіп, Қытайға бет алған автобусқа отырғалы жатқан сәтте қолға түсті. Декларацияда жазылмаған ақша жеке тексеру кезінде табылды.
Солтүстік Қазақстан облысында "Қаратоға" шекара заставасында Петропавл-Есілкөл тоқ поезымен кетіп бара жатқан үш Ресей азаматы ұсталды. Ұсталғандардан жалпы құны 200 мың теңге тұратын, декларацияда көрсетілмеген күнделікті тұтыным тауарлары алынды.
Павлодар облысында "Ұрылы төбе-автомобильный" өткелегінде шекарашылар автокөлікпен Ресейден Қазақстанға бет алған бір Қазақстан азаматы мен азаматтығы жоқ бір адамды ұстады. Ұсталғандардың заттарына жүргізілген тінту нәтижесінде 10 грамм марихуана, 1800 жылғы 9 ескі тиын, көне зергерлік бұйымдар, КСРО медальдары мен жыланның уы бар қорап табылды.
Жалпы 21-27-наурыз аралығындағы өткен аптада ҚР мемлекеттік шекарасын бұзған 274 адам ұсталды. 20 контрабандалық әрекетке тосқауыл қойылды.