"Энтеровирустың белең алуына қатысты ахуал ұйымға мүше елдердің санитарлық-эпидемилогиялық қызметтері жетекшілерінің кездесуінің тақырыбына айналады деп ойлаймын, ол ағымдағы жылдың екінші жартысында Ресей Федерациясының бастамасымен өтуі мүмкін", - деді Б. Нұрғалиев.
Ол ШЫҰ-ның өзі "түрлі проблемаларды шешуге арналған саяси, ұйымдастырушылық және құқықтық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететінін, ал нақты іс-әрекеттерді салалық министрліктер, мекемелер мен ұйымдар жүзеге асыратынын еске салды.
"Жұқпалы дертпен күрес саласында болсын, қуатты жер тілкінісінен кейін ҚХР-ына көмек көрсету жайлы болсын, нақты уағдаластықтарға сарапшылық деңгейде қол жеткізіледі", -деді ШЫҰ бас хатшысы.