Сонымен, Ә. Исекешов AVIC International Holding Corporation, Shenyang Lianli Copper, SINOFERT, Xian AiJu Cereals&Oil Industry Group Co., Wuhan Shilinfuxing Technology&Development Company Ltd., CNPC, Huatong Electric Wire&Cable Group өкілдерімен кездесті.
Тараптар экспортқа бағдарланған жоғары қосымша құнмен өнім өндіру бойынша ынтымақтастықтың әлеуетті жобалары мен шарттарын талқылады, атап айтқанда, авиация, тау-кен-металлургиялық кешен, инфрақұрылымдық құрылыс, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдері, энергетика, электр кәбілдерін дайындау және т.б. бар.
Қытай компаниялары Қазақстанмен өзара іс-қимылға мүдделілігін білдіріп, ҚР-дағы қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті.
ҚР ИДМ министрінің басшылығымен делегация Бейжіңде 29 қаңтарға дейін болады.
28 қаңтарда ҚХР Мемлекеттік даму және реформа комитетімен бірлескен индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 8-ші қазақстандық-қытайлық мәжіліс өтеді. Оның барысында іске асыруы 2019 жылға белгіленген жобаларды (оның ішінде 52 бірлескен жоба) қаржыландыру, туризм, ғылым, инновация саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
Сапар аясында Мемлекеттік даму және реформа комитеті, Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі, Қытай Инжиниринг академиясы, Өнеркәсіпті дамыту зерттеу институты басшыларымен, сондай-ақ 20 қытайлық компаниялардың, оның ішінде Alibaba, Huawei, Inspur, Xiaomi, Lenovo, NetEase және Жібек жол қорының өкілдерімен кездесу жоспарланған.