Қытай көп рет пайдалануға болатын эксперименттік ғарыш аппаратын ұшырды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ұшырылым сәтті өтті. Ғарыш кемесі орбитада біраз уақыт болғаннан кейін Қытайдағы белгіленген қону орнына оралады.

Жоспарға сәйкес, ұшу кезінде құрылғы ғарыш кеңістігін бейбіт зерттеуге техникалық қолдау көрсете отырып, көп рет пайдалануға арналған технологиялар мен орбитада қызмет көрсету технологияларын сынаумен айналысады.

Бұл «Чанчжэн-2F» зымыран тасығыштарының 18-ші ұшырылымы болды.