Қытай Кубаға тікелей ұшатын алғашқы әуе рейсін жөнелтті

Ұшақты жексенбі күні, 27 желтоқсанда қытайлық Air China компаниясы сапарға шығарды. Бейжіңнен шыққан  Boeing 777 20 сағаттық ұшудан және канадалық Монреальда жанар-жағар май құюға аялдаған соң Гаванаға қонады.

Қазір қытайлық туристер үшін Латын Америкасындағы басты бағыт -  Мексика мен Бразилия.  ҚХР сондай-ақ Кубада люкс дәрежесіндегі демалыс орнын ұйымдастыруға ниет танытып отыр.