Қытай мен Қазақстанның мемлекеттік шекарасында елімізге әкелінетін импорт көлемін қадағалайтын мобильді кедендік топ құрылды

"Мобильді топ құрудың өзіндік себептері бар. Өйткені Қытаймен шекарада проблемалар жиі туындайды",- деді Б.Сапарбаев. ҚХР мен Қазақстанның кедендік статистика мәліметтері үнемі кереғар болып шығады, деді Б.Сапарбаев. "Қазақстанға әкелінетін импорт көлемі ҚХР жағында тіркелген экспорттық мәліметтерден 8 есе артық болып шығады",- деді ол. 2005-жылдың алғашқы жартысында Қытайдан әкелінетін тауарлар көлемі 46 процентке өсті. Сонымен бірге Б.Сапарбаевтың айтуынша, Қытайдан әкелінетін тауарларды рәсімдеу мерзімі жиі кейіндетіледі. "Ал ондай мүмкіндік өте сирек берілуге тиіс",- деді комитет төрағасы.

Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, былтыр ҚХР мен Қазақстанның кедендік статистика мәліметтерінің арасындағы айырмашылық 1,7 млрд. теңгені құраған. Ал 2005-жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш 435 млн. долларды құрады. Статистикалық мәліметтер арасындағы айырмашылық Ресеймен арада да байқалып отыр.