Чунцин қалалық мәдениет, радио және телевидение басқармасы жанындағы ансамбль - көптеген елдерде өнер көрсеткен Қытайдағы атақты шығармашылық топтардың бірі.
«Көктемнің көңілді мерекесі - 2014» концертінде қазақстандық көрермендердің назарына Қытайдың дәстүрлі аспаптарымен орындалған әуендер, сычуань операсы және тағы басқа қызықты қойылымдар ұсынылмақ.
Гала-концерт 6 ақпанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.