"Қытай - жауапты ел. Дағдарыс Қытайға да белгілі дәрежеде әсер еткеніне қарамастан, біз өз қаржы рыногымыздағы тұрақтылықты қорғай аламыз және оған сеніміміз мол. Ұлттық қаржылық-экономикалық тұрақтылық пен капитал нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, экономиканың жылдам әрі тұрақты дамуына септігін тигізу - қазіргі дағдарысқа қарсы тұрудың Қытай үшін ең тиімді әрі аса маңызды тәсілі. Бүкіл әлем үшін қосатын Қытайдың ең ауқымды үлесі осы ", -деп мәлімдеді Вэнь Цзябао.
"Қытай жағы АҚШ-тан бастау алған қаржылық дағдарыстың әлемдегі қаржылық және экономикалық ахуалға тигізген әсерін жіті қадағалап отыр. Тиісті елдер рынок пен инвесторлардың сенімін нығайтуға, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылықты қолдауға бағытталған бірқатар шараларлы қолданды. Осы шаралар оң нәтижесін береді деп сенеміз ", - деді Қытай премьері.
"Қазіргі дағдарысты еңсеру үшін ғаламдық іс-әрекеттер қажет. Қытай жағы дағдарыстың кері әсерін мейлінше азайту үшін ұйымға мүше елдермен арадағы ынтымақтастық пен байланыстарды одан әрі қарқандандыра түседі", - ҚХР үкімет басшысы.