Қытай қару экспорты жағынан әлемде үшінші орынға шықты


ол шетелге қару тасымалдау жағынан Германия мен Франциядан озып шықты, деп санайды Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институтының сарапшылары.
Институттың деректеріне қарағанда, 2010 -2014 жылдары Қытайдың қару экспорты алдыңғы бесжылдықпен салыстырғанда 16% артқан.
Әлемдік қару саудасында АҚШ үлесі 31%, Ресейдікі - 27%.
Қытай қару экспортының үштен екісі Азия елдеріне тиесілі, яғни 41% Пәкістан алып отыр, содан соң Бангладеш пен Мьянма.Қытай қаруын сондай-ақ 18 африкалық мемлекет сатып алады, деп атап өтеді сарапшылар.