"Қытай үкімет Қазақстан экономикасына ел компанияларының инвестициясын өсіруді ынталандыру түсуде",- деді ҚХР көшбасшысы. "Атап айтқанда, біз машина жасау, металлургия және басқа да салаларға инвестиция салуды өсіруге дайынбыз",- деп нақтылады ол.
Ху Цзиньтао сондай-ақ, "Қытай Қазақстанда өнеркәсіптік және ғылыми парктер құруға белсенді қатысуға қызығушылық танытатындығын" атап өтті.
Ынтымақтастық жылдары ішінде, Қытайдың Қазақстан экономикасына салған инвестициясы, ҚХР статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 8 миллиардқа жуық АҚШ долларын құраған.
Сонымен қатар Қытай тарапы өзінің экономикасына салынатын қазақстандық инвестиция көлемінің де өскенін қолдайды. "Қытай аумағында қазақстандық капиталдың қатысуымен біріккен кәсіпорындар құру мен дамытуды Қытай жағы қолдайды",- делінген бүгін екі мемлекет басшысы қол қойған біріккен коммюникеде.
"Тараптар мұнайгаз секторындағы ірі жобаларды жүзеге асырудан шикізат емес, әсіресе мұнайгаз машиналарын жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі, транспорттық-логистикалық қызмет көрсету, металлургия, құрылыс материалдарын шығару және туризм сияқты салалардағы маңызды жобаларға көшуді жалғастырады",- деп атап көрсетілген құжатта.
"Тараптар, Қазақстан-Қытай аймақаралық және шекаралық ынтымақтастықтың екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың маңызды құрамдас бөлігі екендігін мойындай отырып, "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын дамытуды жалғастырады",- деп айтылған мәтінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті