Қытай қазақстандықтарға арнап 86 білім грантын бөлді

Талаптар:

- ҚР азаматтығы;

- Бакалавр бағдарламасына тапсыратындарға - орта мектепті бітіру туралы аттестат, жас мөлшері - 25-ке дейін, тіл білу деңгейі HSK3-тен кем болмауы керек;

- Магистратураға тапсырушылар - бакалавр дипломы, жас мөлшері - 35-ке дейін;

- Докторантураға тапсырушылар - магистр дипломы, жас мөлшері - 40-қа дейін;

- Магистратура мен докторантураға тапсырушылар қытай тілін таңдаса, тіл деңгейі HSK 4-тен төмен емес сертификаты болуы керек. 

Грант нені қамтиды:
 

- тегін оқу;

- ай сайынғы шәкіртақы, бакалавр - 350 доллар, магистратура - 420 доллар, докторантура - 490 доллар;

- медициналық сақтандыру;

- жатақханада орналастыру (немесе айына 90-140 доллар ақысы төленетін арендалық баспана).

Құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 10-қаңтарына дейін жалғасады.