Қытай Қазақстанға ақша бермек

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Қос тарап арасындағы бұл келісімге Шанхай ынтымақтастық ұйымының кезекті жиыны кезінде қол қойылады. Олар бірлескен қор құрып, отандық компания әзірлеген бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Қазірдің өзінде қорда 400 млн долларға жуық қаражат бар екен. Оның тек 7 пайызы ғана отандық инвесторларға тиесілі. Қалғанын қытайлық қаржыгерлер құйған.

Осы тұста, екі ел арасындағы бұл байланыстың беки түсіп, Шыңжаң аймағында қыспаққа алынған этникалық қазақтардың бұғаудан босауына ықпалы тисе игі еді. Өйткені, шу шыққан өңірдегі жағдай қазір бірте реттеле бастағанын аңғаруға болады. Осыған дейін, аймақты бірнеше жыл басқарған лауазымды тұлғалардың орнынан кетіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ниетті адамдардың жаңа қызметтерге тағайындалғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді