Қытай Қазақстанмен шекараны жабады

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі ҰҚК-ның шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Қытай 1-5 мамыр күндері Көктем мен Еңбек мерекесі атап өтілетіндіктен, шекарадан өту жолдарын жабады. Бұл күндері екі мемлекеттің мемлекеттік шекарасын тек әуе хабарламасы арқылы кесіп өтуге болады», - делінеді шекаралық қызметтің хабарламасында. 

Сонымен қатар ҰҚК-дағылар шекаралық өту жолдарының Қытай тарапының бастамасымен жабылатынын атап өтті. 6 мамырда өту жолдары қайта ашылады.