Биржа ашыла салысымен Shanghai Composite индексі 5 пайызға арзандап, кейін де тоқтаусыз төмендеген. Shenzhen Component-тің құны да бірден 8,35 пайызға құлдырап, ақыры қор биржасы бүгінгі сатылымды тоқтатты. Бұл тұрақсыздық бірінші кезекте юаннің құнсыздана түсуімен байланысты дейді сарапшылар. Қазір Қытай валютасының 1 долларға шаққандағы бағамы 6,5 юаньді құрайды. Бұл 2011 жылдың мамырынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Бұған қоса, әлемдік нарықта мұнай бағасы да антирекордтарды жаңалап жатыр. Қазір ең өтімді Brent маркалы мұнайдың баррелі 33 долларға дейін төмендеген. Бұл бірінші кезекте, осы көмірсутек шикізатының экспортына тәуелді елдерге ауыр тиетіні сөзсіз.
Loading...