Қытай қыздары Димашты сыйлықтың астында қалдырды

Бірнеше күн бұрын Қытайдың белді басылымы “Хуанцю шибао” “Ойын-сауық” айдарында Димаш Құдайбергеновтің жеке өмірі туралы материал жариялады. Аталған материалдан кейін қытай қыздары ашуға булығып, оны жалған ақпаратқа балады. Арасында сенгендер де бар. Десе де, олар сүйікті әншісінің әлі де көңілін аулап әлек.

“Сыйлық алғанды кім болса да ұнады! Туған күн, жаңа жыл я болмаса наурызда сыйлық алып-берісу біздің дәстүрде бар. Қытайлық фанаттар сүйікті әншісінің әр күні мереке болсын деген ниетпен күніге көптеген сыйлық жібереді екен. Бұл Димашқа тек бір күнде келген сыйлықтар, көбі мына суретке түспей қалды. Сыйлықтардың көбі тәтті дәмдер, ерекше ескерткіш сыйлықтардан басталып Louis Vuttion, Armani сынды брендтердердің құнды аксессуарларына дейін жалғасады. Ұшақта демалатын жастық, “Dimash” жазуы бар брелоктар мен футболкалар, біз мүлдем түсінбейтін бірдемелер де кездеседі!


Расымен де, өнер адамы үшін осындай көңіл бөлу шабыттандырады! Қонақ үйге келіп сыйлықтарды реттеу, Димашқа xаттарды оқып беру менің міндетім! Хаттар демекші… Хаттар әртүрлі тілде келеді. Ағылшынша, французша, қытай тілінде, орысша. Бірақ,  дені көбі қазақ тілінде! Қателер бар! Бірақ, аудармашымен қиналмау үшін қазақ тілінде жазылған, оқуға оңай, тез!  Бұнын бәрін айтып мақтанып отыр деп ойлайтын боларсыздар! (Негізінде мақтануға да болады!) Бірақ, олай емес! Димаштың атынан барлық жанкүйерлеріне алғыс айтқымыз келеді! Жылы сөз, бір сәттік көңіл Димашқа ерекше әсер сыйлайды! Құрметті жанкүйерлері, Dears, осы постты арнап Сіздерге көп рахмет айтамыз!” – дейді Димаштың жан досы Алпамыс.