Қытай тарапы Қазақстаннан өсімдік майын сатып алуда

Майлы дақылдар егістерін арттыру нәтижесінде салада шетел инвесторларының қызығушылығы артқанына тоқталған ол, қазіргі кезде Қазақстан аумағында майлы дақылдарды өңдеу бойынша зауыттардың құрылысы жоспарланып отырғанын жеткізді.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, наурызда ҚР АШМ мен ҚХР-дың «Синома» атты ірі мемлекеттік корпорациясы Қытайға импортты алға жылжыту бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітті.

«Биыл корпорация Қазақстанда майлы дақылдардың шикізатын (күнбағыс, зығыр, рапс) сатып алып, Қытайға импорттауды көздеуде. Сонымен қатар олар бұл дақылдардан өсімдік майын да сатып алуға ниетті. ҚХР-ға 2 мың тонна өсімдік майы экспортталды. Болашақта жыл сайын әрбір дақылдан сатып алу көлемін 200 мың тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр»,-деді Ажар Қаджыбекова.