Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған келісім Қазақстан Республикасының азаматтарына магистратура бағдарламасы бойынша оқуға 25 млн. юань көлемінде гарнт бөлуді қарастырады. Жыл сайын Қазақстан Республикасының 15 азаматы Қытай Халық Республикасының мұнай-газ университеттеріне 5 жыл аралығында мұнай өнеркәсібі (10 адам) және басқа да мамандықтар бойынша (5 адам) оқуға жолданатын болады.

Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы грант иегерлерін оқу ақысынан толығымен босатып, стипендия төлейді және баспанамен байланысты шығындарды көтереді.

Қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі С.Ырсалиев және Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының Вице-президенті Ван Дунзинь бастаған корпорация өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғимаратында өтті.