Caravan Logo

Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды

Қытай Жерді қашықтан зондтау спутнигін орбитаға шығарды


Бұл туралы ТАСС Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Спутник ғылыми эксперименттер жүргізуге, табиғи ресурстарды зерттеуге, егіс алқаптарын бақылауға, сондай-ақ стихиялық апаттарды болдырмауға және олардан келетін залалды қысқартуға пайдаланылады.

"Великий поход-4Б" ("Чанчжэн-4Б") зымыран тасығышы спутнигімен жергілікті уақытпен сағат 15:06-да ұшырылды. Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыранының 217-ші ұшырылуы. «Яогань» сериялы спутниктері 2006 жылдан бері орбитаға шығарылып келеді, бұдан бұрынғы - «Яогань-27» аппараты ғарышқа осы жылғы 27 тамызда аттандырылған болатын.