Қытай жерді зерттеу спутнигін ғарышқа ұшырды

Аппарат орбитаға Ганьсу провинциясының солтүстік-батысындағы  Цзюцюань ғарыш айлағынан ұшырылған «Чанчжэн-4Си» зымыран-тасығышымен шығарылды. «Яогань-25» ғылыми тәжірибелер үшін, табиғи ресурстардың жағдайын зерттеу, ауылшаруашылық өнімдеріне баға беру және төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін пайдаланылады деп жоспарланған.   

Бұл «Чанчжэн» класындағы саны бойынша 201-ші зымыранның ұшырылуы.   «Яогань» класындағы алғашқы спутник  2006 жылы ұшырылған.