Бүгін Астана уақытымен сағат 5:29-де Қытайда 5,2 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.
ҚХР-ының Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының Қашғар округі Ечэн уезінде Рихтер межесі бойынша 5,2 баллдық жер сілкінісі болды.
Қытай сейсмологиялық орталықтарының мәліметінше, жер асты дүмпуінің ошағы солтүстіктен 35,69 градус және шығыс бойлықтан 77,46 градуста орналасқан. Зілзаланың гипоцентрі 87 км тереңдікте анықталған.