Қытайда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды

Бұл туралы Қытай сейсмологиялық желілер орталығы мәлімдеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерінің эпицентрі 45,27 градус солтүстік ендік пен 124,71 градус шығыс бойлыққа тура келген, ал ошағы 13 км тереңде орналасқан.

Табиғи апат салдарынан Цзилинь провинциясындағы Сунъюань қаласының Нинцзян ауданында бірнеше ғимарат қираған.

Адам шығыны туралы әзірге мәлімет жоқ.

Оқи отырыңыз:


Қазақстанда балалар бірінші сыныпқа бес жастан бастап баратын болды 

Астанада өзеннен сәбидің денесі табылды

Жас қызды жетектеп шықты. Шымкентте мешіт имамының бесінші рет үйленгені рас па