Қытайда 67 жастағы кейуана босанды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ауруханадағылар, 67 жастағы кейуананың босанғанын растады. Алайда мән-жайды айтпады.

Басылым мәліметінше, қазіргі уақытта шақалақ дәрігерлердің бақылауында.
Дәрігерлер кейуананың денсаулығын 9 ай бойы бақылаған. 

Аталғандай, нәрестенің әкесі – қорғаушы, ал анасы – мейірбике. Олардың ересек ұлы мен қызы, сонымен қатар бірнеше немересі бар.