Caravan Logo

Қытайда әйелдің ішіне саңырауқұлақ өскен

Қытайда әйелдің ішіне саңырауқұлақ өскен

Бұл туралы 24 наурызда Daily Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

50 жастағы қытайлық әйел ішінің қатты ауыратындығына шағымданып келген. Дәрігерлер эндоскоптың көмегімен оның ас қорыту жүйесін қараған кезде іште өскен саңырауқұлақтарды көреді.Олардың ең ірісінің ұзындығы 7 сантиметрге жеткен. Әйелге шұғыл ота жасалды.

Қытайлық БАҚ бұлай болуын, әйелдің кептірілген саңырауқұлақтарды жегенімен, ал оны дайындар алдында жібітпегенімен түсіндіреді.