Қытайда апатқа ұшыраған «Шығыс жұлдызы» кемесі судан шығарылды

Соңғы мәліметтер бойынша аударылған теплоходтың астында қалып қойып, қаза тапқандардың саны 97 адамға жетті. 345 адамнан әлі де хабар жоқ. Құтқарушылар көлікті су бетінен шығарғанмен із-түзсіз жоғалғандарды табу қиынға соғатынын алға тартуда. Айта кетейік, Янцзы өзенінде апатқа ұшыраған туристік теплоход 5 күн бойы су астында жатқан. Кеме небары 1 минуттың ішінде аударылып, ішінде 400-ден астам адам қамалып қалған болатын. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар 14 адамның ғана өміріне араша түсе алды. Сюй Чэнгуан, Қытайдың көлік министрлігінің өкілі: - Ең қиыны осы «Шығыс жұлдызын» сыртқа алып шығу болатын. Енді адамдарды іздестіріп, апат салдарын реттеумен айналысамыз, - деп хабарлайды 
http://24.kz/kz
.