Құжатта жапа шеккен жолаушылардың көлік компаниясына қатысты ешқандай талап-тілегі жоқ екені айтылған көрінеді. Сөйтіп, қытайлық көлік компаниясы өтемақы төлеуден жалтармақшы. Апат 17 күн бұрын болғанын айта кетейік. Семейден Үрімшіге бет алған автобус аударылып, 2 отандасымыз көз жұмған. Тағы 19 адам жараланды. Тәуір болғандары 15 мың теңге өтемақыларын алып елге оралған. Ал жағдайы ауыр 9 адам қытай клиникасында жатыр. Науқастарға бірнеше ота жасау керек. Қазір олардың қасында елімізден барған туыстары жүр.
Салтанат Әсембаева, Семей қаласының тұрғыны:
-Кеденнің басында бөлек бөлмеге алып, құжатқа қол қоймай, шығармаймыз деп, кем дегенде, бір жарым сағат ұстапты. Ол кісілер еріксіз автобус кетіп бара жатқан соң, қол қоюға тура келіп, Қазақстан елімізге қайтты.
Loading...